Алматы маңында 5 жасар баланы көлік қағып кетті

Көлік жүргізген әйел мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

Алматы маңында 5 жасар баланы көлік қағып кетті
SOBYTIYA.NEWS
643

10 мамырда Алматы облысының Саймасай ауылында жол апаты болды. Әйел 5 жасар баланы көлікпен қағып кетіп, салдарынан бүлдіршін қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұм баланың әпкесі Зарина Қамбарова қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты.

«Қайғылы жайт түстен кейін 16:12-де болды. Ол ешқашан көшеге жалғыз шықпайтын, тек үй маңында құмның үстінде ойнаған. Ол шығып кетті, ал соңынан әкесі келе жатты. Минут емес, секундтар ғана өтті – әкесі жүгіріп жеткенше (баланы – ред. ескртпесі) көлік қағып кетті. Ол жол бойында ойнаған жоқ, жолдың жағасында болған. Оған қоса ол көліктерден қорқатын. Көлікті көргенде үнемі қашатын. Мұны көршілердің барлығы растай алады. Көлік жай өтіп кеткен жоқ, аса үлкен жылдамдықта ұшып өтті. Ол жолдың жағасына шығып кетіп, (баланы – ред. ескертпесі) басып өтті. Ол (жүргізуші – ред. ескертпесі) оны қағып кетпек түгілі, тіпті жалт бұрылып қараған да, тоқтап, көмек көрсеткен де жоқ», - деді Зарина.

Заринаның айтуынша, жолдан өтіп бара жатқан әйел жедел жәрдем шақырған.

«Екі жігіт те көлік жүргізіп келе жатқан еді. Ер адамдар әйелді тоқтатып, ол баланы қағып кеткенін айтты. Алайда (жүргізуші – ред. ескертпесі) тіпті шығып жақындаған да жоқ. Жедел жәрдем келгенше ер адамдар баланы көліктеріне отырғызып, ауруханаға жөнелді. Кейін олар жолда жедел жәрдемді кездестіріп, баланы медицина қызметкерлеріне тапсырған», - дейді марқұмның тәтесі.

Заринаның сөзінше, марқұм баланың туыстары жүргізуші әйел жауапкершіліктен жалтарып кетуі мүмкін деп алаңдайды. Олардың тіпті тергеу жұмыстарына көңілдері толмай жатыр.

«Тергеуші тіпті жолды жауып, қоршау да орнатқан жоқ, олар тек бір адамды тауып алып, оны ғана тыңдаған. Ал кеше бұл әйел әпкемнің үйіне келіп, «көршілердің бәрі алдап жатыр, ондай ештеңе болған жоқ» деді. Кейін ол баланың жолға жүгіріп шыққанын айтып, ақталды. Бірақ куәгерлеріміз бар. Ол тіпті кешірім де сұраған жоқ, бірақ куәгерлерге: «Неге өтірік айтасыңдар?» деп ұрыса жөнелді», - деді Зарина.

Оған қоса марқұм баланың туысқанының айтуынша, күдікті де сол ауылдың тұрғыны және «көбіне қолына телефон алып, қатты жылдамдықта «ұшады».

Заринаның айтуынша, көлік жүргізген әйел мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тілшімізге жол апаты болғанын растады.

«Opel Astra маркалы көлігінің жүргізушісі жолға шығып кеткен жас баланы қағып кеткен. Кәмелетке толмаған бала есін жимастан аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство баспасөз қызметінің өкілдері күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары