Қазақстандық оқушылар Хьюстоннан жеңіспен оралды

Біздің балалар чемпионат жалғасқан үш күнде көшбасшылар қатарынан кө­рін­ді.

Қазақстандық оқушылар Хьюстоннан жеңіспен оралды
384

Қазақстандық оқушылар Хьюстон­да робототехникадан өткен FIRST Championship чемпионатынан жеңіс­пен оралды.

Аталған чемпионатқа әлемнің 55-тен ас­там елінен 50 мыңға жуық оқушы қа­тысты.
Биыл Қазақстан құрамасы сапында FIRST LEGO LEAGUE EXPLORE кіші са­на­тын­да Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінен IQ Robots командасы, FIRST LEGO LEAGUE CHALLENGE орта са­на­тын­да Шымкент қаласы Robopark мек­те­бі­нен Shymside командасы, ал FIRST Tech CHALLENGE жоғары санатында Алматы қа­ласындағы ФМБ НЗМ-нен Yaku коман­да­сы және Алматы қаласындағы РФММ-нен Bolt.M3 командасы бақ сынасты.
Қазақстан құрамасы 6-10 жас аралы­ғын­дағы бастауыш сынып оқушылары қа­ты­­сатын IQ Robots командасы үздік та­ныс­ты­рылым және жоба идеясы үшін Best Poster Award номинациясында жеңіске жетті.
Сонымен қатар жоғары сынып оқу­шы­ларынан құралған Bolt.M3 командасы Motivate Award беделді жүлдесін қанжығалады. Айта кету керек, бұл марапат өз елінде және одан тыс жерлерде STEM-ді танымал етуге үлес қосқан командаға беріледі.
Сондай-ақ 10-16 жас аралығындағы оқу­шы­ларды біріктірген Shymside коман­да­сы жаһандық STEM қозғалысының маңызды кри­терийі саналатын FIRST бағдарла­ма­сы­ның командалық рухы мен негізгі құн­ды­лықтарын көрсетті. Сонымен қатар іс-шара ұйымд­астырушылары Shymside командасын осы маусымға арналған деректі фильмге тү­сірді.
«Біздің балалар чемпионат жалғасқан үш күнде көшбасшылар қатарынан кө­рін­ді. Олардың алаңдағы ойындарын, жеңіс­тері мен жеңілістерін көру, қазылар ал­қасының мүшелерімен сұхбатын кулуар­да күту сәт­тері өте қызықты болды. Балаларымызда өте мықты роботтар, инженерлік жобалар, ай­­­­дентика және негізгі құндылықтар бар. Біздің балаларымызды әлемнің түпкір-түп­кірінен жиналған 50 000-нан астам оқу­шы ара­сында байқамау мүмкін емес. Мә­селен, Bolt.M3 командасы иеленген жүлде – ТМД ел­дерінің арасындағы мұндай алғаш­қы ма­р­апат», – дейді «Дарын» РҒПО дирек­торы Ғаж­дембек Тұрсынов. 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құ­рамасы Оқу-ағарту министрлігінің қол­дауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чем­пио­натының нәтижесі негізінде жасақ­тал­ған болатын. Чемпионатта жеңіске жеткен оқу­шылар әлемдік жоғары оқу орынд­а­рын­дағы стипендиялар мен гранттарға қол жет­кізуге мүмкіндік алады.
 

Серіктес жаңалықтары