1838
Атырау облысындағы Құрсай каналынан ер адамның денесі табылды
Су бетінде қалқыған денені жергілікті тұрғындар тауып алып, құтқарушыларға хабарлаған.
13 мамыр күні сағат 18:20-да Құрсай каналынан (Атырау облысы) ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Ақжайыққа сілтеме жасап.
Су бетінде қалқыған денені жергілікті тұрғындар тауып алып, құтқарушыларға хабарлаған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәйітті полицияға тапсырды.
Жылыой аудандық полиция бөлімі 13 мамыр күні сағат 17.00-де 8 күн бұрын жоғалып кеткен 2003 жылы туған ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Дене жарақатының белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.