Абу-Дабидегі әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

Бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, үш салмақта қазақстандық екі балуаннан қатысады.

Абу-Дабидегі әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды
Ұлттық олимпиадалық комитет
3039

Дзюдодан 19-24 мамырда Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы белгілі болды.

Ерлер құрамасы әлемдік додаға толық құрамда қатысады.

Жаһандық жарыста Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали (66 келі), Данияр Шамшаев, Бақытжан Әбдірахманов (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.

Ал аралас командалық жарыста Дархан Қойбағар (73 келі) мен Айдар Арапов (90 келі) бақ сынайды.

Ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, үш салмақта қазақстандық екі балуаннан қатысады. Сондықтан 90 келіге дейінгі салмақтағы спортшылар тек аралас командалық жарысқа қатысады.

Әлем чемпионатына қатысу үшін дзюдошылар Олимпиадалық рейтингте алғашқы жүздіктің ішінде болуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары