Павлодарда қоныс аудару бағдарламасына бөлінген қаражатты жымқырып қойған

Қылмыстық схема бойынша, пайданы максималды түрде алу үшін үйлердің құны 8 миллион теңгеге дейін асыра бағаланған.

Павлодарда қоныс аудару бағдарламасына бөлінген қаражатты жымқырып қойған
Azattyq Rýhy
627

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.

Бағдарлама бойынша азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыру көзделген. Көшіп келушілерге сатып алынатын үйдің 50%-ын мемлекет өтейді. Алайда үйдің құны 4,2 миллион теңгеден аспауға тиіс. Қылмыстық схема бойынша, пайданы максималды түрде алу үшін үйлердің құны 8 миллион теңгеге дейін асыра бағаланған. Сондай-ақ қараусыз қалған тастанды үйлердің өзі 500 мың теңгеден бастап сатып алынған. Салдарынан қоныс аудару бағдарламасы тек қағаз жүзінде ғана орындалған болып шықты.

Бұл ретте жергілікті тұрғындар көптеп көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекеннің жойылғанын атап өту керек. Тек 6 ауданның өзінен 600 млн теңге шығын анықталып отыр.

Прокуратура тексеру материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді. Тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары