Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібекке қатысты тың дерек шықты

Қымбат Досжанның айтуынша, сегіз әйел қан тапсырған.

Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібекке қатысты тың дерек шықты
smartnews.kz
1305

Белгілі журналист Қымбат Досжан туған анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібекке қатысты тың деректі жария етті. 

Оның айтуынша, сегіз әйел қан анализін тапсырған.

"8 әйелдің анализі нөл пайыз шықты. Қалған екеуінің қан нәтижесін бүгін күтеміз", – деп жазған журналист әлеуметтік парақшасында.

Айта кетейік,  бұған дейін Қымбат Досжан желідегі парақшасында Жәнібектің биологиялық анасын іздеу процесі аяқталмағанын, әрі ДНҚ анализін тапсырып жатқан аналар бар екенін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары