Екінші сәбиіне аяғы ауыр Мақпал Исабекова күйеуінің тастап кеткенін растады

Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі парақшасында көңілсіз жүргені жайлы жазды.

Екінші сәбиіне аяғы ауыр Мақпал Исабекова күйеуінің тастап кеткенін растады
Сурет: qaz365.kz
933

Аяғы ауыр Мақпал Исабекова арнайы фотосессия жасатып, желіге суреттерін жариялады, деп жазды turkystan.kz.

Оның жазбалары мен фотоларынан күйеуімен бірге тұрмайтынын байқауға болады. Ол бұл жайлы бұған дейін де бірнеше мәрте аңғартқан.

Бұл жолы әнші “Денеңді оңайшылықпен жалаңаштайсың. Бірақ ішкі жан дүниеңді біреуге ашуға қорқасың. Адам денесін сөзбен жарақаттау мүмкін емес. Ал жан дүниесін абайсызда айтылған сөздің өзі де жаралау мүмкін", – деп екіұшты жазба жариялаған.

Сондай-ақ ол өмірге келетін баласының жынысы анықталғанын да жазған.

“Аман-есен бола ғой, балапаным, қызым! Біз сені қатты күтеміз. Бұл фотографпен екі жылда бір рет осылай кездесіп тұратынымыз бар. Екі жыл бұрын Теодорға аяғым ауыр кезде гүлді бақтарға барып, керемет фотосессия жасаған едік. Негізі бұл маманмен ішің пыспайды. Осы жолы ол "әдемі жерге барып суретке түсейік" деп өзі жазды. Менің жиналуым тым ұзақ. Керемет естеліктер үшін саған алғыс айтамын", – деді эстрада жұлдызы.

Серіктес жаңалықтары