«Әкемнің жазғандарының түпнұсқасын әлі оқымадым»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО)

Жанна Мұқанова әкесінің жазғандарын әлі күнге дейін түпнұсқада оқымағанын мойындады.

«Әкемнің жазғандарының түпнұсқасын әлі оқымадым»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот
782

Журналист Әлия Әшім жазушы Сәбит Мұқановтың қызы Жанна Мұқановамен сұхбаттасты, деп жазды turkystan.kz.

"Ол кезде мектептерде қазақ тілі оқытылмайтын. Адамдар бір-бірімен тек орысша сөйлесетін. Алайда менің ата-анам үйде тек қазақша сөйлесетін. Мектептегі мұғалімдердің барлығы орыс тілді. Қазақ мектептері тым аз, бір ғана мектеп болды. Әкем жиналыстарда үнемі бастама көтеріп: "Бізге қазақ тілінде оқытатын мектептер көп керек" деп айтатын. Ғабит Мүсірепов пен Жұбан Молдағалиевтің барлық балаларын білемін. Біз барлығымыз №56 орыс мектебінде оқыдық", – деді жазушының қызы. 

Жанна Мұқанова қазір жастар арасында қазақша сөйлейтіндер артып келеді деп есептейді.

"Әрине, әр ұлт өз тілін білуі керек. Адамдар кітапты түпнұсқада оқи алуы керек", – деді Жанна Мұқанова.

Дегенмен оның өзі әкесінің жазғандарын әлі күнге дейін түпнұсқада оқымағанын мойындады.

"Мен қазақ тілін білемін және түсінемін. Мен тіпті қазақ тілі курстарына жазылдым. Бірер айдан кейін әкемнің кітаптарын түпнұсқада оқи аламын деп ойлаймын", – деп жауап берді қарымды қаламгердің қызы.

Серіктес жаңалықтары