Зайсан ауданында Үйдене өзенінің деңгейі көтеріліп, көпірді су шайып кетті

Толассыз жауған жаңбыр және таудағы еріген қар суының салдарынан Үйдене өзенінің деңгейі көтерілген.

Зайсан ауданында Үйдене өзенінің деңгейі көтеріліп, көпірді су шайып кетті
Абай облысының әкімдігі
672

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында Үйдене өзенінің деңгейі көтеріліп, көпірді су шайып кетті.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, толассыз жауған жаңбыр және таудағы еріген қар суының салдарынан Үйдене өзенінің деңгейі көтерілген. 

«Зайсан ауданы «Жарсу-Бақасу» ауылдарының аралығындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы көпірдің шеткі бөлігін су шайып кетті. Жол жиегін қайта қалпына келтіру жұмыстары бүгін таңғы уақытта басталды», - делінген ақпаратта. 

Көлік қозғалысына шектеу қойылмады. Жол бойында кезекшілік ұйымдастырылған. 

Серіктес жаңалықтары