673
Ақмола облысында 15 жастағы қыз қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы Жылымды ауылы маңында болған.
Ақмола облысының Зеренді ауданында жол апатынан 15 жастағы жасөспірім қыз қайтыс болды.
ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Жылымды ауылы маңында болған.
«Анықталғандай, «Volkswagen» көлігі аударылып қалған. Соның салдарынан көлікте болған Ақан ауылының тұрғыны, 15 жасар қыз көз жұмды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Өзге ақпарат анықталып жатыр», - делінген хабарламада.