Балықшыларды қудалауды тоқтату керек – Ерлан Саиров

Депутаттың айтуынша, 2023 жылғы қазаннан бастап Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Атырау облыстарының барлық жерлерінде балық өнімдерін өңдейтін тоғыз зауытқа қарсы негізсіз қылмыстық іс қозғалған.

Балықшыларды қудалауды тоқтату керек – Ерлан Саиров
сурет: parlam.kz
567

AMANAT депутаты Ерлан Саиров балық шаруашылығы саласындағы мәселені көтеріп, Бас Прокурор Б.Асыловқа, Қаржы Агенттігі Төрағасы Д.Малаховқа депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы Мәжілістің Telegram каналы хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, 2023 жылғы қазаннан бастап Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Атырау облыстарының барлық жерлерінде балық өнімдерін өңдейтін тоғыз зауытқа қарсы негізсіз қылмыстық іс қозғалған.

Зауыттың барлығы өнімді экспортқа шығарады. Яғни, бухгалтериясы ашық, шыққан өнім кеден арқылы бақыланып отырады. Отандық    балық      өнеркәсібі     саласы 1300-ге жуық   балық     шаруашылығының субъектілерінен тұрады, аталған салада және еншілес кәсіпорындарда 500 000-ға жуық адам жұмыс істейді. Балық өнеркәсібі саласы Қазақстанның дайын өнімді экспорттауға бағытталған бірден-бір экономикалық бағыты. Балықшылар  өңделген балық өнімдерін ЕО, Қытай, ТМД елдеріне, Таяу Шығыс елдеріне, 36-мемлекетке экспорттап отыр. Өткен жылдары шет елге өңделген шортан, сазан, тәрізді балықтары 30-мың тоннаға жуық өнім экспортталған. Осынау еліміздің ішкі жалпы өнімін экспорттық тауарлармен  толтырып отырған экономика саласының кәсіпорындарына Қаржы Мониторингі салық төлеуден жалтырды деген екі ұдайы айыппен қылмыстық іс ашып қойған. Мемлекетке салық төлеп, мыңдаған азаматты жұмыспен қамтып отырған тоғыз заводтың бүкіл бухгалтерия, іс-жүргізу құжаттары тәркіленген, заводтар жұмысын тоқтатқан, - деді ол.

Қаржы мониторингі агенттігінің  әрекеттері еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып отырған экономика  саласының жұмысын толық тоқтатуға алып келуі ықтималы жоғары екенін айтқан депутат мемлекетке төленіп отырған салық тоқтап, балық өнеркәсібі, еншілес кәсіпорындарда істейтін мыңдаған азаматтың жалақысының төленбей, заводттардың өздеріне шет елден өнімді уақытында жеткізбегені үшін штрафтық санкциялардың келу қаупі төніп тұрғанын айтты.

Балықшыларды қылмыстық қудалау тоқтатылған жоқ, яғни мемлекетке экономикалық зиян күннен-күнге артуда! «Шаш ал десе, бас алатын» тексерушілер мен негізсіз тексерулерден балықшыларды арашалап қалуымыз керек. Балықшыларға шабуыл кейбір экономикалық күштердің рейдерлік әрекеттері де болуы ықтимал! AMANAT Фракциясы Қазақстанның экспортын қалыптастыратын экономика саласын тұқыртпай, керісінше дамыту қажет деп есептейді! Ол үшін Бас прокуратура Қаржы Мониторингі агенттігінің балық заводтарын тексерудерінің заңдылығын анықтауы қажет және қылмыстық істің ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс. Қаржы Мониторингі Агенттігінің ашқан қылмыстық істеріне тез арада қажетті құқықтық баға беріп, қарастырылып отырған істерді заң аясында әділетті тоқтатуы қажет! Бас Прокуратура Құқық қорғау органдарының экономика субъектілеріне жөн-жосықсыз шеңгел қолдарын соза беруін тоқтатуы тиіс. Бас Прокуратура Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарға  отандық бизнесті күштеуді тоқтату жөніндегі тапсырмасын толық орындалуын қамтамассыз етуі маңызды! - деді Ерлан Саиров.

Серіктес жаңалықтары