Қатты жауын-шашын, бұршақ: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы күндері еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтілуде.

Қатты жауын-шашын, бұршақ: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
pixabay.com
543

«Қазгидромет» РМК 16-18 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтілуде.

«Оңтүстік циклон қатты жаңбыр және бұршақ әкеледі. 16-18 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 16 мамырда шығыста, 17-18 мамырда оңтүстік-батыста, 18 мамырда солтүстік-батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды», - делінген хабарламада.

Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда 16-17 мамырда жауын-шашынның тоқтауы және күндізгі ауа температурасының 18-25 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі.

«Ал кейбір аудандарда түнде төмен температура сақталады. Дегенмен көп жағдайда тұрақсыз ауа райы жылы оңтүстік-батыс ағыны ауаны жылытады және температура фоны мамыр айындағы климатқа біртіндеп оралады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары