«555 күн өтті»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі жайлы жазба жариялады

Танымал тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасына күйеуімен өткізген бақытты күндер таспаланған видео жариялады.

«555 күн өтті»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі жайлы жазба жариялады
Фото: ашық дереккөз
799

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың қолдауы жетпей жүргенін жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«555 күн өтті… Бүгін мерекелік кешкі ас ішіп, балалармен серуендеуіміз әбден мүмкін еді ғой. Жүректе сол бір «әттеген-ай». Қолдауың бізге жетпей жүр», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Жазба авторына оқырмандары қолдау білдіріп, жұбату сөздерін арнады.

«Ағамыздың ааны жәннатта болсын», «Алла сабыр берсін», «Жатқан жері жұмақтың төрі болсын», «Менің де жолдасым қайтқан еді. Мен сіздің ішкі әлеміңізді жақсы түсінем мәңгілік сағынышың болып қалады екен», деп пікір қалдырды оқырмандар.

Серіктес жаңалықтары