Қостанай-Алматы әуе рейсінде жолаушы қайтыс болды

Ұшақ көкке көтеріле бергенде жолаушы өзін жаман сезінген.

Қостанай-Алматы әуе рейсінде жолаушы қайтыс болды
pixabay
889

FlyArstan әуекомпаниясының Қостанайдан Алматыға бет алған ұшағында ер адамның жағдайы нашарлап, сол жерде көз жұмды. 

Ұшақ көкке көтеріле бергенде жолаушы өзін жаман сезінген. Сөйтіп ұшақ шұғыл түрде Астанаға қонды.

Әуекомпаниясының мәліметінше, жолсеріктер жолаушының жүрек соғысы мен тыныс алуын тексерген. Алайда өмір сүру белгілерін таппады. Нұсқауларға сәйкес экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетпек болып, бортта дәрігер іздеді. Сөйтіп жолсеріктер дәрігермен бірге дефибриллятор арқылы ер адамға жүрек-өкпе реанимациясын жасады.

«Командирдің шешімімен жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды. Әуе компаниясының жолсеріктері әуежайға жеткенше жүрек-өкпе реанимациясын жасауды жалғастырды. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады. Әуекомпаниясы жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары