eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

Бұл инновациялық сервис интернетті қосуға оңай өтініш беруге мүмкіндік береді

eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
940

eGov Mobile мобильді қосымшасының көмегімен үй интернетін қосу мүмкіндігін беретін жаңа сервис қосылмақшы. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Бұл инновациялық сервис «Ұлттық ақпараттық технологияла» АҚ-мен бірлесе әзірленді және азаматтарға eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы интернетті қосуға оңай өтініш беруге мүмкіндік береді. Өтініш беру процесі операторларға автоматты түрде жіберіледі, сонымен қатар қажетті желілік инфрақұрылымның болуын тексеруді қамтиды.

«Қазіргі уақытта сервиске „Қазақтелеком“ АҚ байланыс операторы қосылған және жақын арада қазақстандықтарға тарифтердің барынша кең таңдауын қамтамасыз ету үшін басқа операторлар да қосылады»,- делінген хабарламада.

Өтініш бергеннен кейін өтініш нөмірі мен мәртені бақылау сілтемесі бар SMS жолданады.

Егер үйіңізде оптикалық желілер болмаса, оператор мамандары балама қосылым опцияларын ұсыну үшін бір сағат ішінде хабарласады.

Интернетті қосу процесі әр азамат үшін барынша ыңғайлы және қарапайым болды. Сұрақтар туындаған жағдайда оператордың байланыс орталығына хабарласу қажет.

Серіктес жаңалықтары