«Ит асыраймын ба, бала асыраймын ба, өзім білемін»: Журналист Жанар Байсеміз оқырманына жауап қайтарды

«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы қазақ мәдениетінде өзгенің шекарасы деген түсінік жоқ екенін айтты.

«Ит асыраймын ба, бала асыраймын ба, өзім білемін»: Журналист Жанар Байсеміз оқырманына жауап қайтарды
Фото әлеуметтік желіден алынды
1399

Танымал журналист Жанар Байсемізова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарынан келген кейбір хаттарға қатты жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz порталы jambylinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Үй жануарлары бар журналистке оқырмандары бала асырап алу сауап екенін жазған. Жанар Байсеміздің айтуынша, бұндай тақырыптар адамның жеке шекарасына жатады.

«Ит асыраймын ба, бала асыраймын ба, онда шаруаңыз болмасын! Мен баласыз да бақыттымын. Баласыз да өмірім мәнді! Өз ойларыңызды маған тықпаламаңыздар. Бала жоқтығы маған «боль» емес», — деп жауап берді журналист.

Серіктес жаңалықтары