Жаңбыр, найзағай: 17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет мамандары 17 мамыр, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Жаңбыр, найзағай: 17 мамырға арналған ауа райы болжамы
Pixabay
803

Оңтүстік циклоны және соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан территориясының басым бөлігіне әсерін сақтайды.

Салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Әсіресе оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанады.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында тұман түседі.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан Павлодар облыстарының солтүстік-шығысында, Павлодар, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстаноблысының оңтүстік-батысында, Жетісуоблысының шығысында жоғары өрт қаупі бар. 

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары