661
Елордада тағы бір көше уақытша жабылады
Көлік қозғалысы 16-26 мамыр аралығында толығымен жабылады.
Астанадағы Жарсуат тұйық көшесінің Фахд бен Абдулл Азиз көшесінен М. Жалил көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, көлік қозғалысы 16-26 мамыр аралығында толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген әкімдіктің хабарламасында.