Патриотизм – жастар саясатының басым бағыты

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тұң­­ғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағам­бетов­тің 100 жылдығына арналған іс-шара Қарулы Күштер Ұлт­тық әскери-патриоттық орталығының базасында өт­ті.

Патриотизм – жастар саясатының басым бағыты
сурет: turkystan.kz
556

«Жас сарбаз – патриоттар ордасы» жобасы аясында «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері арасында өткен әскери-патриоттық ән байқауының қорытындысы өтті. 

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тұң­­ғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағам­бетов­тің 100 жылдығына арналған іс-шара Қарулы Күштер Ұлт­тық әскери-патриоттық орталығының базасында өт­ті. Оған Қорғаныс министрлігінің, елорда әкім­ді­гі­нің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қарулы Күш­тер­дің ардагерлері мен «Жас сарбаз» балалар мен жа­­­сөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәр­биеленушілері қатысты.              
– Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәр­бие­леу жүйесін нығайту мен дамыту – еліміздегі жастар сая­сатының басым бағыттарының бірі. Оның бел­сен­ді қозғаушы күші – «Жас сарбаз» қозғалысы, – деді Ас­тана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі депар­та­ментінің бастығы полковник Айдын Сағымбеков.
Ол сондай-ақ байқау патриотизмді тәрбиелеуге, шы­ғармашылық жастарды қолдауға және ұрпақтар са­б­ақтастығын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.   
Әскери-патриоттық ән байқауының қоры­тын­ды­сы бойынша бас жүлдені №51 мектеп-гимназия­сы­ның оқушысы Арай Ерахмет иеленді. Ол енді рес­­­­публикалық байқауға қатысады. Бірінші орынды мұғалімдер колледжінің студенті Диас Мэлс жеңіп ал­ды. Қазылар алқасы екінші орынды №57 орта мек­теп­тің атынан қатысқан Наушабек Баязи мен Те­мір­бек Қалменбайға және №52 мектеп-гимназиясының оқушысы Дінислам Кө­піровке берді. Үшінші орынды Сервис және туризм кол­леджінің студенті Наргиз Мәлікова, №63 «Арман­дас­тар» мектеп-гимназия­сының домбырашылар ан­с­ам­блі және №61 мектеп-лицейінің оқушысы Ман­сұр Мұхамеджановтар өзара бөлісті.
Іс-шара Қарулы Күштері Ұлттық әскери-пат­риот­тық орталығы «Жас сарбаз» шығармашылық сту­дия­сы тәрбиеленушілерінің мерекелік концертімен жал­ғасты. 

Серіктес жаңалықтары