Астанада боксшылар ағаш отырғызды

Осы аптада елордада «Астана – тазалық пен тәр­тіп­тің үлгісі» акциясына №3 олимпиадалық резервтің ма­мандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері мен белгілі бокс­шы­лар қатысты.

Астанада боксшылар ағаш отырғызды
сурет: turkystan.kz
897

Сәуір айының басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қа­лалардың әкім­де­ріне аумақтарды абат­тан­дыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тап­сырма берген болатын. Осыған орай рес­публика бойынша «Таза Қазақстан» рес­публикалық экологиялық акциясы бас­талған еді. 

Осы аптада елордада «Астана – тазалық пен тәр­тіп­тің үлгісі» акциясына №3 олимпиадалық резервтің ма­мандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері мен белгілі бокс­шы­лар қатысты. Ағаш отырғызу арқылы Елорданы кө­галдандыруға Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Ас­ланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Қамшыбек Қон­қабаев секілді әлем чемпиондары үлес қосты. 
Алматы ауданында өткен эко-акцияға қаты­су­шы­лар 30-ға жуық ағаш отырғызды. 
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­сыр­ма­сымен бүкіл ел бойынша «Таза Қазақстан» эк­о­ло­гия­лық акциясы жалғасуда. Біз елорданың барлық тұр­ғынын қаланың дамуы мен тазалығына үлес қосуды өз аудандарынан бастауды шақырамын, – дейді Париж Олимпиадасының жолдама иегері Айбек Оралбай.
Аталған ауқымды эко-акция аясында қаланы са­нитарлық тазарту, жаңбыр суы және арық канали­за­ция­сы, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақ­тар­ды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
– «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясын­да танымал боксшылар спорт мектебінің тәрбиелену­ші­лерімен бірге 30-ға жуық ағаш отырғызды. Эко-ак­цияның көмегімен біз жастарды, елорда тұрғын­дары мен қонақтарын спортпен шұғылдануға және қа­ланың тәртібі мен экологиялық жағдайын бақы­лауға шақырамыз, – деді Астана қаласы Дене шы­нық­тыру және спорт басқармасы басшысының орын­басары Исламбек Байманов.
Акция аясында жасыл желектерді күтіп ұстау жә­не отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақ­тарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстары жүргізілуде.
 

Серіктес жаңалықтары