210
Али Балоев польшалық қарсыласын бірінші раундта нокдаунға жіберді
Али Балоев польшалық қарсыласын бірінші раундта нокдаунға жіберді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Балоев польшалық қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл - биыл ғана кәсіпқой боксқа ауысқан боксшының екінші жекпе-жегі. Алғашқы айқасында да жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы ол Варшавада (Польша) жергілікті боксшы Артур Навроцкийді (1-1-0), 1- раундтың алғашы минуттарында нокдаунға жіберді. Ары қарай төреші кездесуді жалғастырудан бас тартты. Себебі, Навроцкий жерлесіміздің ауыр соққысынан есеңгіреп қалды. Екі боксшы арасындағы айқас ауыр салмақтағы (90,8 келі - 200 фунт) 4 раундқа жоспарланған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 23 жасар қазақстандық боксшы Али Балоев 18 ақпанда Ригада (Латвия), Олимпиада спорт орталығында өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 4 раундтық кездесуде, 32 жасар жергілікті боксшы Маркес Ковалевскисті нокаутпен ұтқан болатын.
Али Балоев Алматыдағы «Абылай хан» залында белгілі жаттықтырушы Сағатбек Мұсахановтың қол астында жаттығады. Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы.