Жезқазған тұрғыны полиция көлігінде көз жұмды

Сараптама өлімнің алкогольдік кардиомиопатиядан туындаған жедел жүрек жеткіліксіздігінен болғанын анықтады.

Жезқазған тұрғыны полиция көлігінде көз жұмды
kaztag.kz
942

Жезқазғанда полиция көлігінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жезқазғандық полицейлер алкоголь ішкен ер адамды полиция көлігімен медициналық тексеруге алып бара жатқан. Жолда ер адам қайтыс болды.

Massaget.kz сайтының мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары әйелі телефон соққаннан кейін мас ер адамды үйінен алып кеткен. Әйел күйеуінің ішімдік ішіп, жанжал шығарғанын айтып шағымданған. Медициналық мекемеге бара жатқанда ер адам аяқ асты ауырып, қайтыс болды.

Сот-медициналық сараптама өлімнің алкогольдік кардиомиопатиядан туындаған жедел жүрек жеткіліксіздігінен болғанын анықтады.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекетінен ешқандай заң бұзушылықтар анықталмады», - деп хабарлады Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Серіктес жаңалықтары