Елімізде қанша көлік тіркелген? – статистика

1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 408,1 мың бірлікті құрады.

Елімізде қанша көлік тіркелген? – статистика
egemen.kz
1481

2024 жылғы наурызда есепке 142 мың бірлік автокөлік құралы қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6% кем, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оның ішінде тіркелген жүк автомобильдерінің саны 12,8%, жеңіл автомобильдер саны 11,6% кеміді, ал автобустар саны тиісті мерзіммен салыстырғанда керісінше 1,7% артты.

«Наурыз айында тіркелген көліктердің ішінде шыққан жылы 20 жылдан асатын автомобильдер үлесі ең жоғары болды – 35,2%, 3 жылдан аспайтын мерзімдегі жаңа автомобильдердің үлесі 7,3% құрады», - делінген хабарламада.

Осылайша 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 408,1 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 88,1% жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2% – автобустар.

«Тіркелген автомобильдердің жалпы санынан ең үлкен үлесті бензинмен жүретін көліктер құрайды – 82,1%, дизель отынымен – 7,1%, газ баллонымен – 0,2%, аралас отынмен – 7,6%, тоқпен – 0,2%, отын түрі көрсетілмеген қалғандары – 2,9%», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда 100 адамға 22,6 жеңіл автокөліктен келеді, ең жоғары көрсеткіш ШҚО-да – 100 адамға 39,1 автомобиль, ең азы Жетісу облысында – 100 адамға шаққанда 6,8 көліктен.

 

Серіктес жаңалықтары