Теннисші Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Португалияда өтіп жатқан турнирде Денис Евсеев отандасы Бейбіт Жукаевты жеңіп, жартылай финалға өтті.

Теннисші Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің жартылай финалына өтті
Сурет: ҚТФ
509

Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Д. Евсеев ширек финалда отандасы, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жукаевпен жолы түйісті. Бірінші партияда Денис 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Бейбіт есе қайырды. Есеп – 6:2.

Шешуші, үшінші сетте Евсеев сәтті ойнады. Есеп – 6:3. 

Енді Денис Евсеев финалға шығу үшін әлемнің 200-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен кездеседі. 

Серіктес жаңалықтары