692
Бүгін найзағай ойнап, жауын жауады – Қазгидромет
18 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар әлі де ел аумағына өз әсерін сақтайды.
Салдарынан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Батыста, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады.
Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысында солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.