Elorda Cup турнирі: финалда жұдырықтасатын боксшылар белгілі болды
Қазақстан ерлер командасы аталған жарысқа олимпиадалық құраммен қатысып жатыр
Астана қаласында өтіп жатқан Elorda Cup халықаралық турнирінде финалда сынға түсетін боксшылар анықталды, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Жекпе-жек барысында Қазақстаннан — 17, Өзбекстаннан — 3, Қытайдан — 2, Жапония, Иран, Қырғызстан, Әзербайжаннан — 1 боксшы финалға жолдама алды.
Жарысқа Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзtрбайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан және Қытай командалары келді.
Қазақстан ерлер командасы аталған жарысқа олимпиадалық құраммен қатысып жатыр.
Ерлер арасындағы финалдық жұптар:
48 келі: Асхат Жүсіпов — Аратаке Казума (Жапония)
51 келі: Сәкен Бибосынов — Дамир Әбдіқадыров
54 келі: Кәрім Серкебаев — Тимур Қабдешов
57 келі: Махмұд Сабырхан — Оразбек Асылқұлов
60 келі: Талғат Сырымбетов — Серік Теміржанов
63,5 келі: Набинижад Әли (Иран) — Адхамжон Мұхиддинов (Өзбекстан)
67 келі: Нұрбек Нұрсал — Ихтияр Нышонов (Қырғызстан)
71 келі: Темірхан Тезек — Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)
75 келі: Армат Арманұлы — Тимур Нұрсейітов
80 келі: Тоқтарбек Таңатхан (Қытай) — Рахматулла Бойматов (Өзбекстан)
86 келі: Нұрбек Оралбай — Мұрад Аллахбердиев (Әзербайжан)
92 келі: Сағындық Тоғамбай — Хан Хувен (Қытай)
92 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев — Айбек Оралбай.
Үшінші мәрте жалауын көтерген халықаралық турнир 18 мамырда мәресіне жетеді.