Павлодар тұрғыны қоғамдық орында былапыт сөз айтқаны үшін жазаланды

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Павлодар тұрғыны қоғамдық орында былапыт сөз айтқаны үшін жазаланды
iStock
609

Жауап беруші 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін қала тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында, қала тұрғыны 16 мамырда сағат 2:00 шамасында қоғамдық орында болып, әйелімен жанжалдасып былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны анықталды, – дейді баспасөз орталығында.

Айыпталушының кінәсі оның мойындауымен, әйелінің және полиция инспекторының айғақтарымен, сонымен қатар бейне жазбамен дәлелденді.

Сот істің қорытындысы бойынша азаматты кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары