19 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін ауа райы қандай болады?

19 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
elements.envato.com
784

Қазгидромет синоптиктері 19 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Еліміздің басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында күн күркірейді, жаңбыр, бұршақ жауады.

Республика бойынша шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде жел соғады, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары