Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді

Осыған дейін су деңгейі 15 см-ге көтерілген еді

Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді
(NASA)
925

Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см-ге көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр

Осыған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді. 

Жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді.

«Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін 4 гидробекетте: Сарышаған, Қарақұм, Балқаш және Мыңарал бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды, Каспий теңізіне тағы 200 млн текше метр су жіберілді, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Серіктес жаңалықтары