Ерұлан Жамаубаев жаңа лауазымға тағайындалды

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрі қызметін атқарған.

Ерұлан Жамаубаев жаңа лауазымға тағайындалды
сурет: gov.kz
802

Президенттің өкімімен Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми мәлімдеді

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрі қызметін атқарған.

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген.

1995 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.  

2009 ж. – Международная бизнес-школа при Казахском университете им. Т. Рыскулов атындағы Қазақ университетінің жанындағы халықаралық бизнес-мектебінде «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша іскери әкімшілдендірудің магистрының академиялық дәрежесін алған.  

Әр жылдарда халықаралық қаржы ұйымдары мен батыстың орталық банктерінде «Макроэкономикалық және қаржылық саясат», «Монетарлық саясат стратегиясы және оны Еуропалық орталық банкте жүргізудің ерекшеліктері», «Макроэкономикалық басқару», «Қаржы нарығының құралдары», «Қаржылық тұрақтылық» бағыттары бойынша біліктілігін көтерген.

Серіктес жаңалықтары