Ішкі істер министрлігі түлектерге маңызды ескерту жасады

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді.

Ішкі істер министрлігі түлектерге маңызды ескерту жасады
видеодан скриншот
946

Ішкі істер министрлігі оқу жылының аяқталуына байланысты түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Құрметті ата-аналар мен түлектер! 25 мамырда еліміздің барлық мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараны қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады. Соңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, мектептердегі “Соңғы қоңыраулар” аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлек іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке орай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында болды.Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелді. Осыны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз, – дейді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары