"Көрінген жерде тұрып жатырмын": UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз көпшіліктен көмек сұрады

UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз, файтер Мария Агапова қазір АҚШ-та тұрып жатыр.

"Көрінген жерде тұрып жатырмын": UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз көпшіліктен көмек сұрады
Фото: instagram/ufc
1199

UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазір АҚШ-та тұрып жатқан ол қазір үй-жайсыз жүргенін, тіпті айналасындағылар оны сыртынан сексуалды құлдыққа сатып жібермек болғанын мәлімдеді. 

"Бір аптадан соң үйсіз қалуым мүмкін. Таң қалып тұрсыздар ма? Бұл  – Америкадағы менің классикалық өмірім. UFC-дегі кездесуім алдында үй-күйсіз қалғалы тұрмын. Келесі аптада үйсіздер паналайтын жер іздемекшімін. Себебі мен адамдарға сенбеймін. Үйді жалға алатындай менде ақша жоқ. Көрінген жерде тұрып жатырмын. Адамдар мені пайдаланып, жеке өміріме қол сұғып жатыр. Соның ішінде мені сыртымнан сексуалды құлдыққа сатып та жібермек болды. Пайдаланатын емес, көмектесетін орын, қайырымдылық ұйым білетін болсаңыздар, өтініш, маған жазыңыздаршы. Флорида штаты", – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары