832
Абай облысында ауыл көшелерін жөндеуге 800 миллион теңге бөлмек болған – прокуратура
Аудан прокуратурасы мемлекеттік сатып алу конкурстарының күшін жойды
Абай облысында аудан прокуратурасы Үржар, Мақаншы және Қабанбай ауылдарының көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 803 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурстарының күшін жойды, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алуды тиісті ведомстволық сараптамасыз өткізбекші болған («Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес).
Қазір жергілікті атқарушы органымен заң талаптарына сәйкес конкурстық құжаттаманы өткізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.