«Ет асып апарған»: Елге оралған Айгүл Иманбаеваны жақындары ерекше қарсы алды

Желі қолданушылары жарыса жылы лебіз білдірді.

«Ет асып апарған»: Елге оралған Айгүл Иманбаеваны жақындары ерекше қарсы алды
365info.kz
927

Англиядағы оқуын аяқтап, елге оралған Айгүл Иманбаеваны жақындары ерекше күтіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол жақындары өзін қалай қарсы алғанын Instagram-дағы парақшасында көрсетіп, видео жариялады.

«Сәлем достар! Бүгін бізде мереке, көптен күткен күн - Айгүл Серікқұлқызы оқуын бітіріп елге оралуда. Командамызбен күтіп алу сәтінен!», - деп жазба қалдырған күтіп алушы тарап.

Желі қолданушылары жарыса жылы лебіз білдірді.

«Қандай керемет», «Өзіміздің қазы, қымыз, бауырсаққа жетпейді ешбір елдің тамағы», «Ет асып, бауырсақ апарыпты, не деген идея», - деп жазды олар.

Серіктес жаңалықтары