Түркістан облысында 7 жастағы баланың бауырынан бір уыс құрт шықты

Бала 18 мамыр күні ауруханадан шығарылды.

Түркістан облысында 7 жастағы баланың бауырынан бір уыс құрт шықты
international.com
888

Түркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі операция жасады. Ақ халаттылар 7 жастағы баланың бауыр тұсынан бір уыс құртты алды, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас оқушы 10 мамыр күні Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел түрде ауыстырылған. Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томографиялық, ультрадыбыстық зерттеуден өткізіп, толық тексеру жасаған. Ақ халаттылар операция алдында екі күн науқасты дайындап, бақылап отырған.

«13 мамыр  күні аурухананың білікті хирургы, бас дәрігердің орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы 7 жастағы балаға күрделі отаны сәтті жасады. Операция кезінде бауыр тұсынан  15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алып шыққан»,-деді басқармадағылар.

Бала 18 мамыр күні ауруханадан шығарылды. Қазіргі таңда жағдайы жақсы.

Мамандардың айтуынша, аталмыш ауру ит, мысық және төрт түлік малдан жұғуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіреді.

 

Серіктес жаңалықтары