«Күйеуім қызымды бір жыл қинап келген»: Блогер Нұрболхан Шарапов бір отбасының сырын ашты (ВИДЕО)

Блогер көмекке мұқтаж отбасының үйіне барып күтпеген жағдайдан құлағдар болды.

«Күйеуім қызымды бір жыл қинап келген»: Блогер Нұрболхан Шарапов бір отбасының сырын ашты (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz
2509

Нұрболхан Шарапов «Харекет қоры» атынан оқырмандарынан қиын жағдайда отырған отбасына көмек көрсетуді сұрады, деп жазды turkystan.kz.

Ол бұл жайлы әлеуметтік желіде жазды. Н. Шарапов жариялаған видеода жүзі жасырылған әйел қызының қиын тағдыры жайлы сөз қозғаған.

«Екінші күейуіммен тұрып жатқан уақытта басымыздан өте ауыр жағдай өтті. Күйеуім педофил болып шықты. Ол кезде мына қызым 8 жаста еді. Бір жыл бойы қызымды қинап келген. Азғын ойын күн сайын жүзеге асырып келіпті. Кейін өзім сол оқиғаның үстінен түстім. Психологтар мен полиция қызметкерлері менен «қыздарыңызбен неге сөйлесіп тұрмадыңыз?» деп сұрады. Мен қыздарымнан суыртпақтап «күейуім ұрып-cоқпай ма?» деп сұрап тұратынмын. Ал олар тиіспейтінін айтып жүрді. Сөйтсем, қызымды «Анаң жоқ кезде өлтіріп тастаймын!» деп қорқытып қойған екен. Сондықтан айтпай келіпті», - деді көп балалы ана.

Аты-жөні жасырылған әйелдің оқиғасы блогере қатты әсер етті. Ол енді аталған отбасына баспана сыйлағысы келетінін білдірді.

«Қазақ елі қолымыздан келгенше қарындастарымызды баспаналы етейікші, артық пікір қажет емес. Видеоны таратып, жақсылыққа шақырып, барынша қолдау білдірейікші», - деп жазды блогер.

Серіктес жаңалықтары