Шымкентте 24 жастағы жас ана дүниеге үшем әкелді

Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед деген есім берілді.

Шымкентте 24 жастағы жас ана дүниеге үшем әкелді
сурет: instagram.com/gorzdravshymkent
505

Шымкентте 24 жастағы жас ана дүниеге үшем әкелді. Бұл туралы Kazinform ақпарат агенттігі хабарлады. 

Айгүл Бақытжанқызы өмірге үш ұл бала әкелді. Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед деген есім берілді. 

Нәрестелердің бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі 1640 грамм салмақпен дүниеге келді. Ал үшінші сәбидің салмағы – 1610 грамм. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер үшемді алдымен жансақтау бөлімінде бақылауда ұстағанын, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға ауыстырғанын мәлімдеді.

 

Серіктес жаңалықтары