Олжас Бектенов 1 маусымға дейін балалардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа түрін әзірлеуді тапсырды
Премьер-Министр лагерьлерде балалармен жұмыс істейтін қызметкерлерді мұқият іріктеу қажет екенін айтты.
Премьер-Министр 1 маусымға дейін балалардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа түрлерін әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы ақпарат Үкіметтің ресми телеграм-каналында жарияланды.
Лагерьлерде балалармен жұмыс істейтін қызметкерлерді мұқият іріктеу қажет. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, жазғы демалыс және балаларды жұмыспен қамту барлық жерде тиісті деңгейде ұйымдастырылмайды, жұмыс көбінесе есеп беру үшін ресми түрде жүзеге асырылады. Қызықты және мазмұнды іс-шаралар аз. Олардың сапасы балалардың қызығушылығы мен бейімділігін ескере отырып қамтамасыз етілуі керек. Қауіпсіздік және санитарлық талаптар бойынша мәселелер бар. Бұл проблемаларды 1 маусымға дейін жою қажет, - деді Олжас Бектенов.
Оқу-ағарту, мәдениет және ақпарат, цифрландыру министрліктеріне балаларды лагерьлермен, үйірмелермен, секциялармен сауықтыру және бос уақытты өткізу бойынша барлық нысандар туралы толық ақпаратпен қамту үшін бірыңғай электрондық платформа құру жөніндегі жұмысты аяқтау тапсырылды.