Қызылорда облысында құрдасын өлтірді деген күдікпен жасөспірімдер ұсталды

Қайғылы оқиға 18 мамырда Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауыл округтерінің бірінде болды.

Қызылорда облысында құрдасын өлтірді деген күдікпен жасөспірімдер ұсталды
polisia.kz
611

Қызылорда облысында екі жасөспірім тоғызыншы сынып оқушысын өлтірді деп айыпталып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растады.

«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, екі жасөспірім күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер айтылмай отыр. Іс Қызылорда облысының полиция департамениі бастығының бақылауында.

Қайғылы оқиға 18 мамырда Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауыл округтерінің бірінде болды. 9 және 11-сынып оқушылары төбелесіп қалған. Соққыдан жасөспірімдердің бірі құлап, есін жоғалтқан.

Серіктес жаңалықтары