Оралда із-түссіз жоғалып кеткен 3 баланың анасы әлі табылмай жатыр

Үш баланың кенжесі небәрі 4 жаста.

Оралда із-түссіз жоғалып кеткен 3 баланың анасы әлі табылмай жатыр
Nemolchi.kz
545

Оралда 20 күннен астам уақыт бұрын жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылмай жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

El.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, Айнагүлдің туыстары, күйеуінің ұрғанына шыдап, үйден кетіп көрмегенін айтады. Үш баланың кенжесі небәрі 4 жаста.  «Немолчи.кз» қорының басшысы Дина Таңсәрінің айтуынша, келіншектің әріптестері оның жоғалғанына күмәнмен қарайды. Себебі, күйеуі тек полиция келгенде арыз жазуға мәжбүр болған.

«Айнагүлдің ата-анасы жоқ, алыс туыстары ғана бар. Полициядан осы істі назарға алып, бақылауын сұраймыз. Күйеуі жалдамалы пәтерінен көшіп кеткен. Мүмкін, ұрып-соғудың, зорлық-зомбылықтың кейбір заттай дәлелдері жоғалып кеткен болуы мүмкін», - дейді Дина Таңсәрі.

Серіктес жаңалықтары