Жетісу облысында құмда шаңғы тебуден марафоны өткізілмек
Аталған марафон «Қазақстан-Француз» әріптестігі аясында өтпек.
Балқаш көлінің жағасында «Қазақстан-Француз» әріптестігі аясында құмда шаңғы тебуден марафоны өткізілмек, деп хабарлайды turkystan.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.
Жарысқа спорт диетологы Эстель Пейен ұйытқы болған. Ол өзімен бірге мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Гвандаль Пейзера және өзге де әлемдік деңгейдегі спортшыларды ертіп келді. Олар құмда шаңғы теуіп, жарыс барысын бейнетаспаға түсіреді. Сол арқылы ерекше спортты дамытып, туризмді насихаттап табиғатты сақтауға көпшіліктің назарын аудармақ. 2 күндік іс-шара кезінде «Іскер әйелдер» қауымдастығы және басқа да қоғамдық бірлестіктердің атсалысуымен экология тақырыбына арналған көрме, шағын форум мен конференция өтеді.
Малгожата Туар, ҚХА Франциядағы Достық елшісі:
"Қазақ халқының салт-дәстүрімен танысу, мәдениетін дәріптеу, көрнекті жерлерін әлемге таныту біз үшін қызықты жоба болмақ. Экологияны қорғайтын еріктілердің басын қосу, әріптестік байланыс орнату және проблемаларды шешу жолын бірге талқылау – басты мақсатымыз", – дейді.