652
Түркістан облысында аустралиялық әдіс бойынша мал бордақылау алаңы салынып жатыр
Жобаны Арыс қаласында «Turkestan Agro.kz» компаниясы салып жатыр.
Түркістан облысында аустралиялық әдіс бойынша алғашқы мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин құрылыс алаңына барды. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтында хабарланды.
Жобаны Арыс қаласында «Turkestan Agro.kz» компаниясы салып жатыр.
Биыл жүзеге асатын бірінші кезеңінде 5 мың бас, 2025-2026 жылдары тағы 10 мың бас, 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады. Құрылыстың, бордақылаудың және мал жаюдың барлық жүйесі мал шаруашылығын жүргізудің аустралиялық әдісімен жүзеге асырылады, - деп жазылған Үкіметтің мәлімдемесінде.