1275
БҚО-да 48 жыл отасқан жұбайын ұрып өлтірген 73 жастағы зейнеткерге үкім шықты
Сот отырысында сотталушы өзінің іс-әрекетіне өкінетінін айтқан.
БҚО-да жұбайын ұрып өлтірген 73 жастағы зейнеткерге үкім шықты. Бұл туралы mgorod.kz сайты жазды.
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот 73 жастағы зейнеткерге үкім шығарған. Ол әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Егде жастағы адамға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сотта мұндай мерзім оның жасына байланысты кесілгені айтылды.
Істің материалдарынан зейнеткер алдымен жұбайын пәтерінде ұрып-соғып, оны жіппен қылқындырып, содан кейін қолымен тұншықтырған. Ол марқұм әйелімен 48 жыл бірге өмір сүрген.
Сот отырысында сотталушы өзінің іс-әрекетіне өкінетінін айтқан.