Павлодар облысындағы әскери мектепте оқушылар арасында жаппай төбелес болды

Оқиға болған күні кешке облыстық балалар ауруханасына 3 бала жеткізілген.

Павлодар облысындағы әскери мектепте оқушылар арасында жаппай төбелес болды
Zakon.kz
639

Павлодарда әскери мектепте төбелес шықты. Үш бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатында оқушының жарақаттанғаны туралы қоңырау түскен. Тергеу барысында полиция қызметкерлері мектеп сыныптарының бірінде төбелес барысында кәмелетке толмаған үш оқушы жарақат алғанын анықтады. Мектеп оқушыларына медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді.

«Аталған фактіге қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде, – дейді департаментте. 

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, жедел жәрдем станциясында да бұл ақпаратты растады. Оқиға болған күні кешке облыстық балалар ауруханасына 2007 жылы туған екі бала, 2008 жылғы бір бала жеткізілген. 

Ал облыстық білім беру басқармасында білім беру мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылатынын жеткізді.

Павлодар облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау жөніндегі өкіл Наталья Покидова аталған оқиғаға қатысы бар оқушылармен кездескен. Жиын барысында бала тәрбиесі, жатақхана мен тамақтануды ұйымдастыру, студенттердің ішкі тәртібі мәселелері талқыланған.

Серіктес жаңалықтары