607
Шығыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулағандар анықталды
Шығыс Қазақстан облысы полицейлері «Нерест» жедел профилактикалық іс-шара барысында Ұлан ауданы тұрғындарын анықтады.
Заңсыз балық аулағандары үшін жауапкершілікке тартылған құқық бұзушылар 10 және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, деп хабарлады turkystan.kz.
Көлік жүк салғышынан 20 келіден астам ақжелкен және 2 келі көксерке балығы табылып, тәркіленген.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, аталған заңсыз іс балық аулауға арналмаған жерде, сондай-ақ ЖПІШ кезеңінде жасалған.
Айта кетсек, ЖПІШ барысында және балық ресурстарын көбейту кезеңінде 16 сәуірден 30 мамырға дейін аталған облыста балық аулауға тыйым салынған еді.