"Жұбайымен жанжалдасып, қол көтерген": Петропавлда 95 жастағы зейнеткер өзін-өзі жарып жіберді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адамның жағдайы ауыр екенін айтты.

"Жұбайымен жанжалдасып, қол көтерген": Петропавлда 95 жастағы зейнеткер өзін-өзі жарып жіберді
сурет: inbusiness.kz
715

Петропавлда 95 жастағы зейнеткер жұбайымен жанжалдасқан соң өзін-өзі жарып жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл оқиға 22 мамырда болған.

"Полиция қызметкерлері келді. Олар қарт адаммен сөйлесуге тырысты. Бірақ ол есікті іштен кілттеп, ашпай қойған. Осы кезде газ-ауа қоспасы пайда болып, соңынан үй жарылған. Кейін өрт сөндіру бөлімі шақырылды”, – деді Петропавл қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Назымбек Елемесов.

Оның сөзінше, зардап шеккен адам құтқарылған. Өрт сөндірушілер келгенде, үй өртеніп жатқан, көрші үйдің де бір бөлігіне от тиіп үлгерген. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адамның жағдайы ауыр екенін айтты.

"1929 жылғы науқас көп бейінді қалалық ауруханаға жатқызылды. Денесінің 35-40 пайызын термиялық күйік шалған. Арқасы мен қолы күйген, бірақ есін жиды”, – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Сайлау.

Көршілердің айтуынша, зейнеткер әйелімен жанжалдасып, тіпті оған қолын көтерген, содан кейін өзін жарып жіберген. Ол бұған дейін де өзін-өзі жарып жіберемін деп қорқытқан.

Серіктес жаңалықтары