«Ұлы дала жорығы - 2024»: Төртінші күннің қорытындысы шықты

Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

«Ұлы дала жорығы - 2024»: Төртінші күннің қорытындысы шықты
873

22 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 14 команда Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекенінен Жолымбет елді мекеніне аттанды.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, төртінші кезеңнің мәресі Жолымбет елді-мекені маңында аяқталды. 

Төртінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.

100 км:

Жетісу облысы -  07:20:07

Маңғыстау облысы - 07:20:34

Алматы қаласы - 07:28:46

Жамбыл облысы  - 07:29:12

Астана қаласы - 07:34:25

Қарағанды облысы - 08:04:49

СҚО - 09:03:49

Ұлытау облысы - 09:10:22

Қостанай облысы - 09:52:36

Абай облысы  - 09:53:05

Ақмола облысы - 10:08:18

Түркістан облысы - 10:43:22

«Рекорд» командасы.

 

400 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ

Жетісу облысы - 27:01:13

Маңғыстау облысы -  27:33:50

Алматы қаласы - 28:00:24

Жамбыл облысы  - 29:13:59

Астана қаласы - 30:43:01

Қостанай облысы - 31:41:31

Қарағанды облысы - 31:54:12

СҚО - 34:12:56

Ақмола облысы - 34:29:41

Абай облысы  - 36:22:21

Түркістан облысы - 37:10:06

Ұлытау облысы - 37:23:37

«Рекорд» командасы.

 

Серіктес жаңалықтары