Шымкентте 26 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Тізілімге 29 жосықсыз өнім беруші енгізілді

Шымкентте 26 лауазымды тұлға жауапқа тартылды
jasqazaq.kz
602

Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін 26 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Талдау барысында Шымкент қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың сот жосықсыз деп таныған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізбеу фактілерін анықтады.

«Бұл оларға конкурстарға еркін қатысуға және тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы келісімдер жасасуға мүмкіндік берді. Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес Тізілімге 29 жосықсыз өнім беруші енгізілді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімі аппаратының 26 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары