Елордада реновация бағдарламасы басталды

Реновация (жаңалау) – қаланың қалыптасқан бөлігін жүйелі түрде қайта құру арқылы елорданың келбетін жаңа қалыпқа келтіру.

Елордада реновация бағдарламасы басталды
575

Бүгінде осы реновация аясында тозығы жеткен ескі үйлерді сүру, орнына жаңа инфрақұрылым жайластыру аса өзекті. Осындай әлеуметтік проблемаға айналған өзекті мәселе инвесторлар тарту арқылы басты шешімін тапты. Осылайша, елорданың «Байқоңыр» ауданында алғаш рет реновация бағдарламасы басталды.

Бүгін осы бағдарлама аясында, аудан тұрғындарымен алғашқы кеңейтілген кездесу өткізіліп, кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Талғат РАХМАНБЕРДІ, Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі:

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаладағы апатты, тозығы жеткен үйлерді сүру, орнына қалалық инженерлік инфрақұрылымды дамытып, жолдар мен әлеуметтік нысандар салу мәселесін тапсырған болатын. Бұл мәселені шешуде кәсіпкерліктің әлеуетін іске қосу және жеке құрылыс салушылардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру қажет. Осылайша, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй мәселесін ортақ күш-жігермен шешуге болады. Нәтижесінде, қала орталығымен қатар, оның шет аумақтарының да дамуына жол ашылады. Қаланың ескі бөлігінің келбеті де өзгереді.

Бүгінде бірқатар инвесторлармен ынтымықтастық жасалып, «Байқоңыр» ауданында қайта жаңарту жұмыстары басталды. Мәселен, реновацияның 1 кезеңі үшін ауданның 240 гектардан аса жерін таңдап алдық. Олар ауданның орталық бөлігі. Қазіргі уақытта ссы учаскелерде BI-group, МОЙ ДОМ, Galamart секілді 3 ірі компаниялармен келісімге қол жеткізілді».

Айта кетейік, осы аталған 3 компаниямен «Байқоңыр» ауданында Егемен Қазақстан көшесі мен Кенесары көшесінің қиылысында, Иманов көшесі мен Бейсекбаева көшесінің қиылысында және Таха Хусейна көшесі мен Тәшенев көшесі қиылысында жұмыстары басталды.

Алтынбек РЫСБАЕВ, «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ директорының орынбасары, архитектор:

«Қаланың сәулеттік дамуы - бұл жаңа тұрғын үй кешендері мен бірегей ғимараттардың құрылысы ғана емес, қалалық ортаны жан-жақты жақсарту. Бұл процестің маңызды құрамдас бөлігі қаланың ескі аудандарын жаңартуға және жаңғыртуға бағытталған жаңарту бағдарламасы болып табылады, бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ ЖШС аудан әкімдіктерімен бірлесіп ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасын жүзеге асыруда. 2024 жылы 60 апатты үйдің тұрғындарын 1400 жаңа пәтерге көшіру жоспарлануда, бұл елорданың 4200-ге жуық тұрғынын жайлы өмір сүру жағдайымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда «Байқоңыр» ауданы әкімдігімен ынтымақтастығымыз жаңарту бағдарламасын қоғам қаншалықты қолдайтынын және сұранысқа ие екенін көрсетті. Біз тұрғындардың трансформацияға қатысуға деген ынтасы мен тілегін көредік, бұл бізді одан әрі жұмыс істеуге шабыттандырады. Біз бірге Астанамызды жайлы, әдемі және оның барлық тұрғындары үшін жайлы ете аламыз».

Айбек ЕСЕЕВ, «МОЙ ДОМ» компаниясының өкілі:

«Бүгін «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің шақыруымен реновация бағдарламасы аясында арнайы Сіздермен кездесуге келіп отырмыз. Реновация – бұл елорданың ескі бөлігін қайта жаңарту. Біздің компания қазіргі уақытта тиісті заңнама аясында Сіздердің мүліктеріңізді сатып алуға дайын. Әрине, алдымен бағалау жұмыстары жүргізіледі, кейін ортақ келісіммен шешім қабылданатын болады. Нәтижесінде, ортақ келісім арқылы Сіздердің мүліктеріңізді сатып аламыз».

Айта кетейік, Астана қаласының тұрғын үй қорын жаңарту мен жаңғыртудың 2028 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Байқоңыр» ауданында басымдық берілетін маңызды жоспардың бірі – Асанқайғы көшесінде 6 жолақты үлкен жол пайда болады. Аталған жол Амман көшесінен Таха Хусейна көшесі арқылы Алаш тас жолына дейін жалғасады. Яғни, оң жағалау мен сол жағалауды тікелей байланыстырады. Аталған жұмыстар дәл осы инвесторлардың көмегімен ғана жүзеге асырылатын болады. Сондықтан, «Байқоңыр» ауданы төңірегінде өз кәсіптерін жүзеге асырып, жаңа инфрақұрылым қалыптастыратын отандық немесе шетелдік инвесторлар болса, біз қолдау көрсетуге қашан да дайынбыз.

Серіктес жаңалықтары