"Интернет қымбаттайды": Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Қазақтелекомға" ескерту жолдады

«Қазақтелеком» жақында 2024 жылғы 1 шілдеден бастап тарифтердің көтерілуі туралы ақпарат жариялаған болатын.

"Интернет қымбаттайды": Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Қазақтелекомға" ескерту жолдады
сурет: gov.kz
629

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі интернетті қымбаттатуға байланысты "Қазақтелекомға" ескерту жолдады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады

«Қазақтелеком» жақында 2024 жылғы 1 шілдеден бастап тарифтердің көтерілуі туралы ақпарат жариялаған болатын.

Атап айтқанда, үй интернеті қызметтерін, сондай-ақ ұялы байланысы бар пакеттік қызметтерді қамтитын тіркелген байланыс бойынша 51 мұрағаттық тарифтік жоспарға өзгерістер туралы хабарланды.

Байланыс туралы заңнамаға сәйкес байланыс қызметтеріне тарифтерді байланыс операторлары тек негізделген шығындар негізінде белгілейді. Осыған байланысты, БҚДА Кәсіпкерлік кодекстің 198-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 24 мамырда «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты заңнаманы бұзуға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жолдады, - деп жазылған ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары